Алматылық медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңге төленді

19 Қараша 2019, 17:40
4859
Бөлісу:
Алматылық медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңге төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, аталған қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып саналады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Жалпы Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 117,3 млрд теңгені құрап отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы