Алматының Саин көшесі 3 километрге ұзарады

12 Сәуір 2021, 17:29
3288
Бөлісу:
Алматының Саин көшесі 3 километрге ұзарады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Саин көшесін 3 километрге ұзарту жоспарланған. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Михаил Грачев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тесу жұмыстары Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жүргізіледі. Жаңартылған учаске қала маңының солтүстік бөлігін мегаполистің негізгі магистральдарымен байланыстырады.

Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылын Райымбек даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін тесу аяқталуда. Нысан қараша айында дайын болады деп жоспарлануда, - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, Назарбаев даңғылын тесу жұмыстары бойынша көлік жүктемесі 20%-ға төмендейді. Бұдан басқа қаланың солтүстік бөлігін орталық бөлігімен байланыстыратын іргелес магистральды көшелердің жүктемесі азаяды.

Өзгелердің жаңалығы