Алматының қай аймақтары лаңкестерден тазартылғаны белгілі болды
11 Қаңтар, 09:13 315

Алматының қай аймақтары лаңкестерден тазартылғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасы кеше қаланың қай аймақтары лаңкестерден тазартылғанын хабарлады.

Қаңтардың 10-да келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта  лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталған.

31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 38 адам ұсталды. «102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті,-делінген хабарламада.

Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  253-і дабыл түскен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...