Бас жаңалықтар
Алматының барлық мақсатты қаржысы ешқашан жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға аударылады
16 Шілде 2019, 22:09 205

Алматының барлық мақсатты қаржысы ешқашан жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға аударылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін әкімдікте көше жарығы мәселесін қарадық. Қалалықтардан шағымдар жиі түседі. Қаладағы аулалардың 52%-ы мен көшелердің 26%-ында жарық жоқ. Бағытты өзгерттім: барлық мақсатты қаржыны бұрын ешқашан жарығы болмаған көше мен аулаларға, әсіресе қала шетін жарықтандыруға аударатын боламыз", - деп жазды қала әкімі. 

Сондай-ақ, ол энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына тиісті шаралар қабылдауды тапсырғанын атап өтті. 

"Алматыны дамытудың басты қағидасы — "шетсіз қала", - деп сөзін түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.




Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық