Алматының кіреберісіне блок-бекет қайта қойыла ма?

18 Маусым 2020, 17:33
2050
Бөлісу:
Алматының кіреберісіне блок-бекет қайта қойыла ма?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында осындай сұраққа жауап берді.

Алматының кіреберісіне блок-бекет қойылмайды. Алматыдан шығуда және облыс тұрғындарына қалаға кіруге ешқандай кедергі жоқ, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қаладағы вирустың таралуына қатысты пікір білдірді.

Қазір біз жағдайды бақылап, мониторинг жасап, алдағы уақытқа болжам жасап отырмыз. Егер ауру өршіп, күнделікті өсім 7%-дан асса, қосымша карантин шаралары енгізіледі. Бүгінгі таңда ауру деңгейі 5%-дан төмен. Біздің міндетіміз осы деңгейде ұстап қана тұрмай, оны 1%-ға дейін төмендету, - деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы