Алматының интерактивті картасымен қай жерден танысуға болады?

22 Шілде 2021, 16:41
1896
Бөлісу:
Алматының интерактивті картасымен қай жерден танысуға болады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда құрылыс цифрландырылып, барлық деректер интерактивті бір картаға көшіріледі. Бұл туралы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов онлайн брифинг барысында айтты.

Алматының бас сәулетшісі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша қаланың Гео-порталы негізінде нысандар құрылысы мониторингінің интерактивті картасы жасалғанын айтты. Бұл ресурс салынып жатқан нысан мен салынатын нысандар жайлы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Енді онлайн-режимде көппәтерлі тұрғын үй кешені мен жеке тұрғын үй құрылысының жобалары туралы ақпарат алуға болады. Ақпарат онлайн режимінде жаңартылады, – деді ол.

Сондай-ақ аталған порталда барлық қажетті ақпарат қамтылмақ: құрылыс паспорты, жобаның атауы, құрылыс салушы, кадастрлық нөмірі, эскиздік жобаның келісімі туралы мәліметтер, берілген СЖТ бойынша мәліметтер, құрылыстың басталу мерзімі, пайдалануға беру мерзімі, авторлық немесе техникалық қадағалау, құрылыс алаңы, қабат пен пәтерлер саны.

Карта Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының сайтына енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы