Бас жаңалықтар
Алматының экологиясын жақсартудың Жол картасы талқыланды
04 Желтоқсан 2020, 19:00 172

Алматының экологиясын жақсартудың Жол картасы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық бақылау және реттеу комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов қаланың экобелсенділерімен және ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. 

Шарада Алматының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешуге бағытталған Жол картасы талқыланды.

Бүгінгі кездесуге энергетика, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктері мен әкімдік өкілдері қатысып отыр. Себебі Үкімет деңгейінде қабылданған Жол картасын бірлесе жүзеге асырамыз. Оның  орындалуы бойынша тұрақты түрде халыққа баяндап отыру маңызды. Осы кездесудің мақсаты да сол,- деді жиын барысында Зұлфұхар Жолдасов.

Айта кетейік, жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлескен жұмыс нәтижесінде қабылданған Алматының экологиясын жақсарту Жол картасында жиырма іс-шара қарастырылған. Олардың ішінде: ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке сектор аудандарын газдандыру, коммуналдық қызметтер мен қоғамдық көліктің автокөлігін сығылған табиғи газға ауыстыру, дизель отынымен қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен тыйым салу, көгалдандыру және т.б. бар.

Алматының айналасындағы үй-жайлардың 50%-ы көмір жағады. Сондықтан Алматы облысы мен қала әкімшілігі және Энергетика министрлігі осы аумақтарды газдандырумен айналысады. Жеке сектор мен ЖЭС әсерінен 2019 жылғы есеп бойынша Алматы қаласындағы атмосфераға шыққан шығарындылар 144 мың тоннаны құрады. Біз осы көртеткішті 4 жыл ішінде 79 мың тоннаға азайтуды жоспарлап отырмыз. Яғни Алматы жоғары ластану индексінен орташа деңгейге түседі,- деді Зұлфұхар Жолдасов.

Қазір Энергетика министрлігімен бірге «Самұрық-Энерго» компаниясы 2-ші Жылу электр станциясын газға көшіру жобасын қуат нарығы арқылы арқылы қаржыландыру мәселесін қарастырып жатыр. Жол картасының бұл бағыты бойынша «Самұрық-Энерго»-ның өндіріс және активтерді басқару бойынша басқарушы директоры Серік Түйтебаев баяндады.

Құрылыс кестесі тікелей қаржыландыруға байланысты. Сонымен бірге сыртқы газдандыру бойынша тарифтің халық үшін аса жоғары болмауы мәселесі бар. Біз баға қатты өспес үшін қаржыландыру туралы республикалық бюджетпен қатар қалалық бюджетке сұраныс жасадық. Алматының 2-ші ЖЭС-ін табиғи газға көшіру оның шығарындыларын 83%-ға, яғни 37 мың тоннадан 6 мың тоннаға азайтады,- деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...