Алматының Бостандық ауданында 300-ден астам аула жөндеуден өтті

26 Шілде 2021, 16:28
2136
Бөлісу:
Алматының Бостандық ауданында 300-ден астам аула жөндеуден өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Бостандық ауданында төрт жыл ішінде 337 аула жөнделді. Аула аумақтарын ретке келтіру биыл да жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Алтай Рахымбетов онлайн брифингте айтты.

Әкімнің айтуынша, қазір аудандағы 65 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Көктем, Алмагүл, Орбита шағын аудандарында. Онда жаңа жол жабыны пайда болады, сондай-ақ барлық қауіпсіздік шараларына сәйкес келетін балаларға арналған жаңа алаңдар орнатылады. Барлығы 100 аула абаттандырылады.

Өткен жылы инвесторларды тарту есебінен ауданда 20 балалар алаңы абаттандырылды. Ал осы жылдың 6 айында инвесторларды тарту есебінен 15 балалар алаңы жөнделді, жыл соңына дейін тағы алты алаңдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, – деді Алтай Рахымбетов.

Жаңа келбеті мен әмбебаптығының арқасында жергілікті тұрғындар аулаларда көбірек уақыт өткізе алады. Сонымен қатар Үлкен Алматы ауданындағы әл-Фараби даңғылындағы көпірасты кеңістігі жөнделеді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті Қорының гүлзарларына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бюджетке қатысу» жобасын іске асыру аясында биыл жалпы сомасы 4,312 млрд теңгеге 136 өтінім түскен, олардың 49-ына рұқсат беріліпті, 772,7 млн теңгеге 25-і мақұлданған.

Алтай Рахымбетов іске асып жатқан жобалар тізімінде аулалардағы сегіз балалар мен спорт алаңдарын, бос тұрған екі учаскені абаттандыру, жұмыс істеп тұрған сегіз нысанды, екі шағын аудандағы көше жарығын жөндеу, екі көшеге су құбырын орнату, үш жаяу жүргіншілер өткелінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер орнатылатынын айтты. Қазіргі кезде 23 жоба бойынша жұмыстар басталған.

Өзгелердің жаңалығы