«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы көпбалалы аналарға екпенің маңызын түсіндірді

12 Маусым 2021, 12:51
1349
Бөлісу:
«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы көпбалалы аналарға екпенің маңызын түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Толқын Саметова қала тұрғындарына, әсіресе көп балалы аналарға КВИ-ге қарсы вакцина алу керектігін айтты.

«Бақытты отбасы» орталығы көп балалы аналарға құқықтық, психологиялық кеңес береді, сондай-ақ жұмыс табуға көмектеседі. Орталық жұмысының негізгі бағыты көп балалы аналарды жаңа мамандықтарға оқыту.

Толқын Саметова індет жылы өте қиын болғанын айтты. Індет кезінде барлық орталықтар онлайн режимде жұмыс істеді. Сабақтар онлайн оқыту платформасында өтті.

Осы жағдайдың ауырлығын сезіне отырып, біз кеңсе мен үйде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтадық. Сондықтан вирусқа жол бермей біздің кеңсе өз жұмысын "шығынсыз" жалғастырды. Орталықтың әлеуметтік аккаунттары арқылы дәрігерлердің барлық ережелері мен кеңестерін тараттық, ауру жұқтырған отбасыларды қолдауға тырыстық, – деді Саметова.

Толқын Саметованың айуынша індеттен туындаған мәселелер халықтың барлық топтарына әсер етті. 

Әрине, біз вакцинаны қолдадық, өйткені ол қалыпты өмірге оралудың бірден-бір кепілі. Алматыда КВИ вакцинасын алған көптеген қала тұрғындары екпе жайлы оң пікірде, - дейді ол.

Вакцина аурудан қорғаудың ең қарапайым, қауіпсіз әрі тиімді әдісі. 

Шынында, көптеген адамдар жалған әңгімелерге сенеді, ал вакцинаның пайдасын ғылыми тұрғыда біле бермейді. Сондықтан біз барлық көпбалалы отбасыларға өз балаларының өміріне жауапты ата-аналар екенін, ал балалар-олардың ұрпағының жалғасы екенін айтамыз, - деді әлеуметтік орталықтың басшысы.
Толқын Саметова жақын арада КВИ-ға қарсы екпе қажеттілігіне сенбейтін адамдарға жалпыға бірдей вакцина алудың, қала тұрғындарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жалғыз жолы екенін айтты.
Біз барлық аналарымызды өз болашақтары туралы ойлануға шақырамыз. Бүкіл әлем вакцина салдыруда. Бүгінде қызылша ауруы, шешек ауруы да күмән тудырады. Бірақ уақыт қауіпті ауруларға қарсы вакцинаның тиімділігін көрсетуде, - дейді Саметова.


Өзгелердің жаңалығы