Алматының айналасына блок-бекеттер қойылды

8 Қаңтар 2022, 20:30
3179
Бөлісу:
Алматының айналасына блок-бекеттер қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласына айнала блок-посттар қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығынан мәлімдеді.

Естеріңізге, сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің аумағында төтенше жағдай енгізілді. 

Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі: 

Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі; 

Жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленеді; 

Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі; 

Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 

Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленеді; 

Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етіледі.. 

Төтенше жағдайдың кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі жауапты болады.

Өзгелердің жаңалығы