Бас жаңалықтар
Алматының ауа сапасы қалай жақсартылады
16 Қыркүйек 2021, 17:13 306

Алматының ауа сапасы қалай жақсартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Алматының ауа сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Алматы қаласы бойынша 2020 жылы атмосфералық ауа шығарындылардың жалпы көлемі 144 мың тоннаны құрады. Оның ішінде жылу көздерінің үлесіне эмиссиялардың 42%-ы, автокөлікке – 52%-ы, жеке секторға-14%-ы тиесілі, - деді ол.
Оның сөзінше, энергетикалық объектілерден шығарындылар проблемасын шешу үшін қазіргі уақытта ЖЭО-2-нің газға арналған жаңа стансасын салуға ТЭН әзірлеу жүргізіліп жатыр, құрылысты 2026 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан басқа Алматы ЖЭО-3-ті жаңғырту бойынша ТЭН әзірленеді. Осы объектілерді салу және жаңғырту шығарындыларды 37 мың тоннадан 6 мыңға дейін немесе 83%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Қала 99% газбен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, 1 587 үй газға қосылмаған. Алматы облысының 3 шекаралас ауданы да қаланың жағдайына үлкен әсер етеді. Аталған аудандарда 161 мың үй орналасқан, оның ішінде 32 мың үй газдандырылмаған. Толық газдандыру 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған, - дейді Зұлфұхар Жолдасов.
Осы орайда комитет төрағасы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті.
Дизель қоғамдық көлігін сатып алуға тыйым салынды. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі 2020-2021 жылдары 335 электр және газ автобусын сатып алды. Одан бөлек Алматы қаласының әкімдігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесіп, қала маңындағы теміржол инфрақұрылымын дамыту және электр пойыздарын енгізу мәселесін пысықтап жатыр, - деді ол.
Сонымен қатар қалалық қоғамдық көлік тармақтарын кеңейту және қалаға кіреберісте ұстап тұратын тұрақ аймақтарын құру мәселесі де қаралып жатыр.

Айтуынша, ЖҚС-да отынның сапасын К4 және К5 экологиялық сыныптарына сәйкестігін бақылау күшейтілді. Ол үшін «Техникалық реттеу туралы» заң қабылданды.

Кіру және шығу жолдарында «Сергек» жүйесінің 12 бекеті орнатылды, сондай-ақ Алматы қаласының Полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін «Сергек» жүйесімен интеграцияланатын 19 экопост орнату бойынша жұмыс басталды. Қаланың жасыл қорын ұлғайту жоспары бекітілді. Онда 2 жыл ішінде 1 млн-ға жуық ағаш отырғызылады, - деп толықтырды комитет төрағасы ОКҚ-да.
Сонымен бірге жел режимін зерттеуді компьютерлік үлгілеу бойынша эксперименттік жұмыс басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы экологиялық мәселелер қалай шешілетіні айтылды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...