Алматының 5 шағын ауданы мен Айбасов көшесінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады

18 Сәуір 2021, 07:17
2048
Бөлісу:
Алматының 5 шағын ауданы мен Айбасов көшесінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматының бірнеше медициналық мекемелері кеңейтіліп, жөндеуден өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді.

С.Нұрашевтің айтуынша, 2020 жылы 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды, бұл мыңнан астам төсек-орын. 280 және 300 төсек-орынға шақталған модульді ауруханалар салынды, сондай-ақ 500 төсек-орынға есептелген инфекциялық аурухананың филиалы ашылып, ПАБ және №4 перзентхана корпусына жапсарлас құрылыс жүргізілді.

2021 жылы қуаты жылына 80 мың пациентті қабылдайтын №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысы іске қосылады, сондай-ақ №6 қалалық емхана мен ауданаралық туберкулез диспансеріне күрделі жөндеу жүргізе отырып, сейсмикалық күшейту жөніндегі нысандарды аяқтау көзделген, – деп хабарлады Сапар Нұрашев.

Одан бөлек, Манас көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына арналған қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын, Түрксіб ауданындағы «Кемел», «Нұршашқан», «Думан», «Қарасу», «Саялы» шағын аудандарында және Айбасов көшесінде орналасқан алты отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны салу жоспарланған.

Сондай-ақ Алатау ауданының «Трудовик» шағын ауданында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы басталады, сондай-ақ №11 қалалық емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізеді.
Сапар Нұрашев спорт нысандарының құрылысына көп көңіл бөлінгенін айтты. Биыл жаңа «Теннис орталығының» құрылысы аяқталады, онда бірден 14 корт пайда болады. Айта кетейік, жоба Теннис спорты федерациясының халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Айнабұлақ-2», «Алатау», «Жас Қанат», «Зерделі», «Кемел» және «Құлагер» шағын аудандарында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады, – деп қорытындылады Сапар Нұрашев.

Өзгелердің жаңалығы