Алматының Түрксіб ауданында 21 жедел топ жабылған нысандарды бақылауда

20 Маусым 2020, 15:07
1516
Бөлісу:
Алматының Түрксіб ауданында 21 жедел топ жабылған нысандарды бақылауда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов мәлімдеді. 

Алматыда маусымның 20-21 күні карантиндік шектеулер енгізіліп, көптеген нысан өз жұмысын тоқтатқан еді. Осыған орай Түрксіб ауданында жабылған нысандарды бақылайтын 21 жедел топ құрылған. 
Оның 11-і ведомствоаралық, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әкімшілік өкілдерінен тұрады. Қалған 10 топ тек полиция қызметкерлерінен құралған. Олар сауда орындарын, саябақтарды, өзен жағалауларын аралап, коронавирусқа қарсы орындалып жатқан шектеулердің орындалуын қадағалайды, - дейді Бейсеуов.
Сонымен қатар, ол түскі сағат 14.00-ге дейін Түрксіб ауданы бойынша 780 мың шаршы метр алаң дезинфекцияланғанын жеткізді.
Оның қатарында 30 көше, 3 парк, 11 саябақ, 1 жағалау және 6 базар, 10 фитнес орталық пен 4 бизнес орталығы бар. Одан бөлек, 4 супермаркет залалсыздандырылды. Үлкен ойын орталықтары кешкі сағат 21.00-ден кейін дезинфекцияланады, - дейді ол. 
Дезинфекция жұмыстарына 30 техника мен 50 адам жұмылдырылған. Одан бөлек, 460 литр ерітінді қолданылыпты.



Өзгелердің жаңалығы