Алматының су жүйесі цифрлық жүйеге ауысып жатыр

25 Қаңтар 2019, 14:43
2717
Бөлісу:
Алматының су жүйесі цифрлық жүйеге ауысып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы Су» кәріз құбырларын тазартатын бірегей көлік алды, су құбыры-кәріз шаруашылығындағы цифрландыру, автоматтандыру үдерістері жалғасын табуда, деп хабаралады аталған мекеменің баспасөз қызметі.

Цифрланадыру тұрғысында тәжірибе алмасу және өндірістік жұмыс бағыттарымен бөлісу мақсатында Алматы су мекемесіне Ташкент және Астанадан әріптестері келді. Кездесу барысында жаңа технологияларды енгізу тақырыбында конференция өтті.

Мекеменің бас директоры Ермек Усенбаевтың айтуы бойынша, кәсіпорынның барлық нысандары мен желілері цифрлы жүйеге ауыстырылған, өтініштерді қабылдау және тарату жүйесі автоматтандырылған, өндіріске жаңа технологиялық жүйелер енгізілген.

«Бүгін біз едәуір нәтижелер көріп отырмыз, сонымен қатар электр қуаты үнемделіп, апаттық жағдайларды шұғыл түрде алдын алынуда, апаттық жағдайлармен су шығыны азайды»,- дейді ол.

Іс шара барысында Алматы қаласында ыңғайлы өмір сүруге мүмкіндік тудыратын жаңа арнайы техникалар көрсетілді. Қаладағы басты мәселелердің бірі кәріз құбырларының ластануы, соның өзі экологиялық ортаны бұзуға әсер етеді. Кәріз құбырларын тазалайтын көлік қаладағы коллекторларды тазалайтын және де құбырлардың бітеліп қалуының алдын алады.  

Кәсіпорын бақылаушыларын жаңа техникалармен бірге электросамокаттармен қамтамасыз еткен.

Сондай-ақ су ағындарын анықтау мақсатында трасса және ағындарды анықтайтын құрылғылар алынған, сонымен бірге телеинспекцияның заманауи түрлері де сатып алыныпты.  

Аталған мекеме «цифрлы суарнасы» бағдарламасы бойынша екі жылда мекемедегі суды өндіруден бастап, халыққа таратуға дейінгі үдерісті автоматты жүйеге өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру кезінде электр қуаты үнемделіп, апаттық жағдайлар азаяды және де апаттық жағдайлардың алдын алу уақыты қысқарады, жабдықтардың тозу деңгейі де төмендейді екен. Сонымен бірге қызмет көрсету сапасы да жақсармақ.

Өзгелердің жаңалығы