Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды

12 Қазан 2019, 20:26
1895
Бөлісу:
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.

Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды.

Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катальпа, үйеңкі, шағала көшеттерін отырғызды.

"Жоғары сынып оқушыларымен бірге ата-аналардың да шыққаны қуантады. Демек, олар қоршаған ортаның жай-күйіне немқұрайлы қарамайды деген сөз. Сондықтан да болар олар біздің үндеуімізге үн қатып, көгалдандыру жұмыстарына құлшыныспен кірісті. Олар өз ағаштарын күтіп, суғаратын болады", - деп атап өтті Сағынтаев.

"Болашағымызды туған қаламызбен байланыстырамыз. Біз Алматының бүгін және болашақта да әлемдегі экологиялық таза әрі ең жасыл қала болғанын қалаймыз!", - деді акцияға қатысқан балалар.

Ертең, 13 қазанда Көк Төбе тауының баурайында өрттен зардап шеккен ағаштардың орнына күзгі ағаштарды отырғызу науқаны өтеді. Бұған дейін Мохнатка тауының баурайында 50 мың Шренк шыршасының көшеттері отырғызылған болатын. Көгалдандыру акциясына қоғам өкілдері, еріктілер мен жастар қатысты
Өзгелердің жаңалығы