Сағынтаев: Алматыны дамытудың 7 стратегиялық бағыты анықталды

27 Қыркүйек 2019, 13:28
2110
Бөлісу:
Сағынтаев: Алматыны дамытудың 7 стратегиялық бағыты анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халықтары ассамблеясындағы қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқаруда. Олар жұртшылықты алаңдататын мәселелерді қарап, қоғамдық бақылау қызметін іске асыруда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында айтты.

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың жеті стратегиялық бағыты анықталғанын айтты. 

«Біріншіден, Алматы мәдениет пен өркениет тоғысындағы әлемдік қала атану керек. Яғни, азаматтардың өмір сапасы мен экономикалық мүмкіндіктері жағынан топ-100 қала қатарына кіру қажет. Екіншіден, барлық ауданда жоғары өмір стандарты қалыптасқан шекарасыз қала болу керек. Көпорталықты әрі көлік тасмалы ыңғайлы шаһар. Үшіншіден, қылмыс деңгейі мен техногендік қатері төмен қауіпсіз қала. Төртіншіден, бастамалар қаласына айналу. Мәселені орнында шешуде азаматтардың белсенділігі қажет. Мәселенің 90% тұрғындардың бастамасымен сол орнында шешілу қажет. Бесіншіден, жоғары экологиялық стандарттағы бау-бақша қаласы. Қала мен табиғатты біріктіру. Алтыншы, іскер қала. Инвестиция, технология мен дарындыларды тарту керек. Жетінші, мәдениет - астанасы. Макроөңірлерге ықпал ететін мәдени орталыққа айналу; Озық өмір салтын ұсанатын супер заманауи қалаға айналу; Сондай-ақ Алматы университеттері әлемнің топ-100 оқу орындары қатарына іліну қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы жеті бағытты атап өткен қала әкімі Алматыны ұлтаралық келісім мен дінаралық түсіністік орталығына айналдыру сияқты тағы бір стратегиялық бағытты қосуды ұсынды.

«Ұлтаралық келісім мен дінаралық түсіністікті нығайтуды жалғастыра береміз, қаладағы этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасаймыз. Қазақ тілінің ролін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне дейін көтереміз, үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттырамыз», - деді ол


Өзгелердің жаңалығы