Бас жаңалықтар
Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді шаралар әзірленді - әкім
19 Ақпан 2020, 11:45 92

Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді шаралар әзірленді - әкім

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сағынтаев халықпен есептік кездесуінде қаланы одан әрі дамытудың,  халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың өсуіне бағытталған төрт маңызды құжат дайындалғанын мәлімдеді.

Бұл "Алматы-2050" Даму стратегиясы, "Жаңа Алматы" атты шеткі аймақты дамытудың кешенді жоспары, Алматы агломерациясын дамыту бойынша «Үлкен Алматы» жоспары, "Алматының ерекше мәртебесі туралы" Заң, - деді әкім.

Оның айтуынша, "Алматы-2050" Даму стратегиясы бұл қала болашағының көрінісі. Стратегия шаһарды дамытудың түбегейлі жаңа кезеңін ашып, үш қағидаға негізделген. Ал 2050 Стратегиясы 7 негізгі бағытты қамтиды. Ол шетсіз қала, Ақылды қала, Тең мүмкіндіктер қаласы, Қауіпсіз қала, Жасыл қала, Жаһандық іскерлік орталық, Мәдени әрі креативті қала.
Шетсіз қала қағидасы ерекше маңызға ие. Бұл аудандарды дамытуда тепе-теңдікті сақтауға, қаланың барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, соңғы 10 жылда қаланың аумағы екі есе өскен және жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі де өсіп отыр. 
2030 жылға қарай алматылықтардың саны 3 млн адамға өседі деп күтілуде. Осыған байланысты қала әкімдігі мегаполисті дамытудың бесжылдық кезеңге арналған кешенді жоспарын әзірледі. Үкімет оны бекітті. Басты мақсат – әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған инженерлік желілердің тозуын төмендету, орталықтандырылған сумен жабдықтауды және жарықтандыруды 100%-ға жеткізу, жолдардың сапасын және жақсарту міндеттері кіреді, - деді әкім. 

Жиын барысынада әкім азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мақсатында қала айналасында 4 көтерме-тарату орталығы, 2 ет комбинаты, 7 жылыжай, 2 сүт фермасы салынатынын жеткізді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...