Алматының қандай көшелерінде арық желілері реконструкцияланады

29 Қаңтар 2019, 22:57
2980
Бөлісу:
Алматының қандай көшелерінде арық желілері реконструкцияланады

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы (Жасыл экономика басқармасы болып өзгереді) аудандар әкімдіктерімен бірге тексеру жүргізіп, 2021 жылға дейін ұзындығы 400 шақырымнан асатын арық желілерін салу мен реконструкциялауға қатысты ЖСҚ дайындау үшін көшелердің тізімін жасады. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайты хабарлайды.

Қазірдің өзінде мегаполистің 57 көшесінде арық желілерін салу мен реконструкциялау жұмыстары басталды. Аталған шара қаланың түрлі бөлігінде жауын суларының таралуын жақсартуға бағытталған.

Жалпы соңғы үш жыл ішінде Алматыда 300 шақырымнан астам арық желілері салынды, реконструкцияланды, тоғыз өзеннің арнасы қайта жасалды, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 67 ден 12-ге азайды. Қарғалы өзенінің ұзындығы 7,7 шақырым болатын арнасы бекітілді және абаттандырылды. ГЭС1-БАО мен Медеу-Шымбұлақ шатқалдарына мықты бекіністер орнатылды.

Бұлардан өзге, Алматыда жаңадан екі «Ақсай» және «Аюсай» су бөгеттерін салу жоспарланған, «Мыңжылқы» су бөгетін реконструкциялау аяқталып қалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сынды төрт өзен мен ұзындығы 1,8 шақырым болатын Есентай өзенінің арналары бекітіліп, абаттандырылды.

Арық желілері реконструкцияланатын және салынатын көшелердің тізімі.

Алмалы ауданы:

Бөгенбай батыр мен Наурызбай батырдан Розыбакиевке дейін

Қарасай батыр мен Нұрмақовтан Радостовецке дейін (солтүстік)

Қарасай батыр мен Масанчиден Шәріповке дейін (солтүстік)

Шагабутдинов пен Мақатаевтан Төле биге дейін

Байзақов пен Шевченкоден Райымбектегі коллекторге дейін

Кавказская мен Тілендиевтен Циолковскийге дейін

Брусиловский мен Васнецовтан Төле биге дейін (батыс)

Түркебаев пен Абайдан Төле биге дейін (екі жағы)

Волховский мен Кавказскийден Райымбекке дейін

Бекетов пен Тілендиевтен Бородинаға дейін

Бородина мен Бекетовтан Райымбекке дейін

Панфилов пен Жібек жолынан Райымбекке дейін

Мәуленов пен Абайдан Шевченкоға дейін

Мәуленов пен Қарасай батырдан Бөгенбай батырға дейін

Амангелді мен Абайдан Құрманғазыға дейін

Жұмалиев пен Жамбылдан Гогольге дейін

Нұрмақов пен Төле биден Гогольге дейін

Исаев пен Төле биден Гогольге дейін

Чайковский мен Маметовадан Райымбекке дейін

Шагабудинов пен Абайдан Құрманғазыға дейін

Гоголь мен Жұмалиевтен Әуезовке дейін

Айманов пен Құрманғазыдан Шевченкоға дейін

Аносов пен Төле биден Райымбекке дейін

Әйтеке би мен Шагабудиновтен Қожамқұловқа дейін

Шевченко мен Жароковтан Радостовецке дейін

Шевченко мен Қожамқұловтан Мұқановқа дейін

Сейфуллиннен Райымбектегі коллекторға дейін

Бостандық ауданы:

Арайлы мен Ремизовкадан Желтоқсанға дейін барлық бұрылыстарымен қоса

Таужиегі мен Арайлыдан Әсем тау коттедж қалашығының жоғары бұрылысына дейін

Центральный мен Жұлдыздан Талдыға дейін

Талды мен Центральныйдан Желтоқсанға дейін

Желтоқсан мен Бағанашыл ықшам ауданының Шығысынан Талдыға дейін

Сүйінбай мен Желтоқсаннан торапқа дейін

Райымбек пен Желтоқсаннан Ерменсай ықшам ауданына дейін

Жер асты коллекторы Көктау, Таңнан Әл-Фарабидің оңтүстігі мен Ремизовкаға баратын жолдың батысы

Жамбыл көшесі:

Талапты мен Прифермскаядан Желтоқсанға дейін

"Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Комсомольская мен Райымбекке дейін

"Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Алатау мен Райымбектен Тау жазығы тұрғын кешеніне дейін

"Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Райымбек пен Комсомольскийден Алмалыға дейін

Жетісу ауданы:

Ангарский мен №53 үйден Есентай өзеніне дейін

Маркелов Летняядан Есентай өзеніне дейін

Айнабұлақ-2 мен №20 үйден Есентай өзеніне дейін

Райымбек пен Крыловтан Кудеринге дейін

Павлодарская мен Палладиннен Есентай өзеніне дейін

Ангарский мен зираттан Есентай өзеніне дейін

Панфилов пен №14 үйден торапқа дейін

Сейфуллин мен 1 жолөткізгіштен коллекторға дейін

Ратушный мен Рысқұловтан Қазыбаевқа дейін

Сыпатаев пен №16 үйден Гастеллоға дейін

Рысқұлов пен Жангелдиннен науаларға дейін

Түрксіб ауданы:

Спасская мен Земнуховтан Бекмахановқа дейін

Земнухов көшесі

Медеу ауданы:

Оспанов пен Жамақаевтан Есентай өзеніне дейін

Жамақаев пен Иваниловтан Әл-Фарабиге дейін

Назарбаевтың Мем. Музейінің, Меңдіқұлов, Жолдасбеков көшелерінің жол жиектері

Чаплин мен Клубнаядан өзенге дейін

Өзгелердің жаңалығы