Бас жаңалықтар
Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы біле алады
29 Сәуiр 2019, 21:15 923

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы біле алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты арқылы біле алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.

Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет.  ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына мына нөмір арқылы хабарласып, кеңес алуға болады: + 7 727 224 22 22 (сағат 8.00 - 23.00, демалыссыз).

Сондай-ақ, ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды, оның көмегімен тұрғындар ЖСН енгізу арқылы өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады.

Загрузка...

Сізден жаңалық