Алматылықтар түтіннің иісіне шағымданды

16 Мамыр 2019, 11:39
1947
Бөлісу:
Алматылықтар түтіннің иісіне шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғындары таңертеңнен бері қаланы ыс пен түтіннің иісі басып кеткенін айтып шағымдануда, деп хабарлады Almaty tv. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, түтін иісі Алматы облысындағы қоқыс полигонынан келген. Төтенше жағдайлар комитеті бұл ақпаратты растады. 

«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ», - делінген Комитет берген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы