Алматылықтар вакцина алған сәттерін желіге жариялауда

12 Сәуір 2021, 14:35
1524
Бөлісу:
Алматылықтар вакцина алған сәттерін желіге жариялауда

Алматы, BAQ.KZ. Вакцина алған Алматы жұрты фотоларын әлеуметтік желіге жариялап, өз әсерлерімен бөлісуде.

Кеше Алматыда тұрғындарды сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлардағы егу пункттерінде вакциналау басталды. Халыққа ыңғайлы болуы үшін медицина қызметкерлері демалыс күндері де жұмыс істеп жатыр. Екпені алдын ала жазылу арқылы сағат 8.00 мен 20.00 аралығында алуға болады. Адамдар екпе алған және вакциналаудан соң өздерін қалай сезінгендерін әлеуметтік желіге жариялауда. 

Тастанбек Алчикеев есімді қала тұрғыны вакцина салу барысын жақсы ұйымдастырғаны үшін қалалық №12 емханаға алғысын білдірген.

Алматыдағы №12 емханаға алғыс айтамын! Вакциналауды жүргізген медбикелерге, терапевт Сарыбаева Кулянда Қапенқызына және Утетлеев Серік Маратұлына алғысым шексіз! Екпе салуға және вакциналауға өте жақсы дайындалған! - деп жазды ол.

Сондай-ақ вакцина алған тағы бір қала тұрғыны Шолпан Әли де екпеге қатысты өз пікірін әлеуметтік желіге жариялапты. 

Алматылықтар вакцина алған сәттерін желіге жариялауда

Кейбір антиваксерлер вакцина жұқпалы деп қорқады (мүмкін емес). Олар инфекцияның адамнан жұғуынан қорықпайды (бұл өте ықтимал). Олар вакцинаның болуы мүмкін жанама әсерлерінен қорқады. Олар өздерінше күшті иммунитет мені құтқарады дейді. Ал вакцинация кезінде олардың «күшті иммунитеті» ескерілмейді. Олар ковидті «жай тұмау» дейді және осы «қарапайым тұмауға» қарсы вакцинадан қорқады. Бұл таңғаларлық емес пе? Ең қызығы, өздері вакциналауды қажет етпейтіндер сәтсіз вакцинация туралы жиі айтады. Барлығы: желіде вакцина алғандар бірінен соң бірі посттарын жариялауда. Бұл қуантады. Қайта ақылдылар әлемді құтқарады. Ал қалғандары тек шу шығарады және ашуланады, - деп жазды ол.

Ал, Svetlana аккаунтымен тіркелген қала тұрғыны 83 жастағы әжесіне де вакцина салдыртқанын жазыпты.

Бүгін 83 жастағы әжеміз вакцина алды. Ол емханаға мерекеге барғандай барды. Бір жыл бойы үйден шықпады деуге болады. Барлық мерекелер мен жерлеу рәсімдеріне қатысқан жоқ, - деп жазды ол. 

Nailya Azizova есімді қала тұрғыны да үйінің маңында ашылған вакцина салу орны жайлы жазыпты.

Ковидке қарсы вакцина алғысы келетіндердің назарына, Төле би (жоғары жағы) - Әуезов қиылысындағы Атамекен ғимаратында вакцина алу пункті ашылды. Қарбалас жоқ, жұмыс барынша жолға қойылған, кезек те жоқ. Жұмыс күндері 20.00-ге дейін, демалыс күндері 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ондағылар менен халықты өздеріне шақыруды сұрады, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы