Бас жаңалықтар
Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына қанша жарна аударғаны белгілі болды
08 Қыркүйек 2021, 13:25 104

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына қанша жарна аударғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. МӘМС жүйесі енгізілген уақыттан бастап Медициналық сақтандыру қорына 753,4 млрд теңге түсті. Бұл туралы аталған қордың Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифингте айтты.


Оның айтуынша, алматылықтар қор ашылғалы бері 139 млрд теңгеден астам жарна аударған.

 
Оның 97,8 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары. Қалған 41,2 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндердің жарнасы,-деді ол.


Сонымен қатар ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімдірек екенін айтты.

 
Қазіргі таңда қала тұрғындары үшін БЖТ көлемі 2917 теңгеге тең, оның 40% немесе 1166 теңгесі МӘМС жарнасына жұмсалады. 2019 жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған 202 мыңнан астам адам 524,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген,-дейді филиал директоры.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...