Алматылықтар коронавирус инфекциясын сауда нысандарында көп жұқтырады

29 Шілде 2021, 17:15
2269
Бөлісу:
Алматылықтар коронавирус инфекциясын сауда нысандарында көп жұқтырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Ол тұрғындарды өзара байланысты шектеуге шақырды.

Оның айтуынша, дерт жұқтыратын ықтимал орындар сауда нысандары, отбасылық байланыс және қоғамдық көліктер екенін айтты. Сондай-ақ инфекцияны жұқтыру эпидемиологиядағы стандартты көрсеткішке қатысты екенін атап өтті. Ал бұл карантиндік шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы 7 күнде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыратын негізгі орындарды атап өтер болсам: сауда нысандарында – 35%, отбасылардағы байланыстар – 19%, қоғамдық көлікте қатынау – 16%, базарлар - 14%, саябақ пен халықтың демалатын жаяу жүргіншілер көшелері – 3,6%, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар инфекцияның нақты орындары анықталды. Соңғы аптада туыстармен және көршілермен байланыс кезінде КВИ инфекциясы 0,2-0,4%-ға өсті. Орамішілік азық-түлік емес дүкендерде 0,1%-ға және қоғамдық тамақтану нысандарында, мейрамханаларда, дәмхана мен асханаларда 0,2%-ға, монша мен сауналарда 0,4%-ға жұқтыру өскені байқалып отыр.

Ashyq жобасына қатысушы нысандарға бару кезінде жұқтырғандардың үлес салмағы 106-дан 186 адамға дейін артты, бұл олардың кіреберістегі келушілерді бақылау бойынша ресми жұмысы туралы куәландырады. Жобаға деген осындай көзқарас ХҚКО-да 16 адамды, сауналарда, бассейн мен фитнес-орталықтарда 11 адамды, мейрамханаларда, кафелерде 8 қала тұрғынын және банкет залдарында 5 адамды анықтады, – дейді Ж. Бекшин.

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері алматылықтарға міндетті түрде бетперде тағуды, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруды, адам көп жиналатын орындарға бармауды өтінді. Инфекцияға күдік туындаған жағдайда, бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа адамдарға жұқтырмау үшін шектеу шараларын сақтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы