Алматылықтар бір ай көлемінде құқықтық кеңесті тегін ала алады

2 Тамыз 2021, 12:43
1680
Бөлісу:
Алматылықтар бір ай көлемінде құқықтық кеңесті тегін ала алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Құқық мәдениеті» құқықтық сауаттылық айлығы басталды. Қала тұрғындары осы бір ай көлемінде адвокат, медиатор және заңгерлерден тегін консультация ала алады.

2020 жылы ҚР Үкіметі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша төрт жаңа жобаны енгізген. Соның бірі «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы. Жобаның негізге мақсаты халықтың құқықтық сауат деңгейін арттыруға бағытталған.

Алматы қаласының «Рухани Жаңғыру» кеңсесі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық мәдениет» айлығын өткізу бастамасын көтерді. Осы шараның аясында халықтың басым көпшілігіне тегін құқықтық көмек, кеңес беруді көздеп отырмыз. Адвокат, медиатор, заңгер, ҮЕҰ және тағы басқалары онлайн және офлайн форматында құқықтық кеңес береді. Офлайн консультацияны әр аудандағы ХҚКО мен Сауда үйлері, Жастардың ресурсты орталығыннан алуға болады,- дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Венера Рахимова.

Ұйымдастырушылар аталған айлықтың нәтижесінде халықтың құқықтық мәдениеті қалыптасып, заңға деген құрметі арта түседі деген ойда. Оған қоса өз құқығын білетін азаматтардың саны да арта түспек.


Өзгелердің жаңалығы