Алматылықтар екпе жайлы SMS арқылы білетін болады

18 Қаңтар 2019, 18:57
2072
Бөлісу:
Алматылықтар екпе жайлы SMS арқылы білетін болады

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласының тұрғындары 21 қаңтардан бастап екпенің салынатыны туралы SMS арқылы білетін болады.

Сондай-ақ, алматылықтар хабарламаларды Damu Med мобильді қосымшасы арқылы алатын болады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары 21 қаңтардан бастап жоспарлы екпелер жайлы ақпаратты SMS және мобильді қосымша арқылы ала алады.

«Алматы қаласының эпидемиологтары 2019 жылғы 21 қаңтардан бастап барлық ата-аналарды алдағы жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы екпелер жайлы SMS және Damu Med мобильді қосымшасы арқылы ескертетін болады. Сәйкесінше, екпелер арнайы күнтізбе арқылы жасалады», - делінген ақпаратта.

Департамент басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, мобильді қосымшаны 21 қаңтардан бастап жүктеуге болады. Ата-аналар балаларының екпесі жайлы хабарлама алып отыру үшін қосымшаны өз смартфондарына орнатып алуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы