Алматылықтар ауа сапасын біліп отыратын болды

18 Маусым 2020, 10:12
1415
Бөлісу:
Алматылықтар ауа сапасын біліп отыратын болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда  қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы  хабардар ететін жоба іске қосылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар болу деңгейін арттыру үшін экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды.

Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді, - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станциялар қосылатын болады.

Мәліметтер ауаның негізгі алты  көрсеткіштерінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.

Бұл жоба Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі болып табылады.

Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.

Өзгелердің жаңалығы