Бүгін – алматылықтар Қала күнін тойлауда

15 Қыркүйек 2019, 11:38
2458
Бөлісу:
Бүгін – алматылықтар Қала күнін тойлауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын 15 қыркүйекте Алматы тұрғындары Қала күнін тойлайды. 14-20 қыркүйек аралығында қалада мереке аясында II Халықаралық Almaty Film Fest кинофестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігін ресми сайтында хабарланды.

Фестивальдің ұраны – «Мәдениеттерді жақындастыру». Кинофестиваль аясында 7 күндік бағдарлама қарастырылған. Шараның ашылу салтанатында қызыл жолмен отандық киноиндустрияның және әлемге әйгілі жұлдыздар жүріп өтпек. 

Кинофестивальдің қазылар алқасы құрамында:

• Самал Еслямова, қазақстандық актриса, "Алтын пальма" бұтағының иегері;
• Хью Хадсон, британдық режиссер әрі продюсер, "Оскар" сыйлығының номинанты, "Алтын пальма" бұтағының иегері (христиан жюриінің жүлдесі - ерекше аталым);
• Алексей Петрухин, ресейлік жетекші продюсерлердің бірі.
Сондай-ақ, кинофестивальдің ашылу күнінде Ресей мен ТМД-да "Дисней" компаниясымен бірлесіп балаларға арналған қызыл жол ұйымдастырылмақ. Бұл - "European Children's Film Association"-мен әріптестікте ұсынылған отбасылық киносекцияны ашады. Кинофестивальдің арнайы қонақтары ретінде:
• Наталья Иванова, танымал ресейлік продюсер, "Хорошо продакшн" продюсерлік орталығының басшысы»; • Антон Малышев, "Абрамович қорының" директоры;
• Джэй Джон, Пусандағы Халықаралық кинофестивальдің Президенті;
• Феликс Вангиндерхюсен, "European Children's Film Association" Бас хатшысы;
• Эдуард Элоян, ресейлік продюсер, "Старт" платформасының негізін қалаушы;
• Елизавета Шмакова, Ресей Федерациясының үздік кастинг- директоры;
• Ник Холдингворт, "The Hollywood Reporter» журналисі;
• Вассилис Эконому, Еуропаның жетекші "Cineurope" медиа-порталының журналисі;
• Пауло Бранко, португалиялық продюссер және Локарнодағы кинофестиваль сыйлығының иегері;
• Бенжамен Иллос, Француз кинокритигі, Канн кинофестивалінің іріктеу тобының мүшесі және т.б.

Ал қазақстандық кино және өнер қайраткерлері арасында фестивальдің қонақтары ретінде әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова, актер және продюсер Фархат Әбдірайымов, кино және ТВ актері Санжар Мәдиев, актрисалар Әсел Сағатова мен Қарлығаш Мұхамеджанова, сценарист және режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актер және режиссер; Асанәлі Әшімов, сценарист және режиссер Дарежан Өмірбаев және т.б. бар.

"ALMATY FILM FESTIVAL-дің" негізгі конкурстық күнін 2019 жылы түсірілген екі және одан да көп елдердің ко-өнімі ретінде есептелетін 12 кинокартина ашады. Конкурсқа көпжылдық серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан және халықаралық кинофестивальдерде ұсынылған елдердің ко-өнімдерінің фильмдері, сондай-ақ сирек ко-өнімдердің фильмдері енді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-мен бірлескен "Кинодағы әйелдер", "Ecfa" балалар фильмдерінің еуропалық қауымдастығымен бірлескен "Отбасылық кино" бағдарламасы, "Жарқын дебюттер" бағдарламасы және "Ұшқын" студенттік кинофестивалі жеңімпаздарының бағдарламасы сияқты конкурстан тыс бағдарламалар ұсынылады. "Ерекше оқиға" бағдарламасы аясында "ALMATY FILM FESTIVAL" Халықаралық кинофестивалінің атақты әлемдік қонақтарының жаңа және ретроспективті фильмдері, сондай-ақ бірегей гала-премьерлер көрсетіледі. 

Жабылу рәсімі кезінде 5 негізгі номинация бойынша марапаттау өтеді:

• Кинофестиваль Гран-приі;
• Үздік режиссер;
• Үздік актер;
• Үздік актриса;
• Қазылар алқасының арнайы жүлдесі; • ЮНЕСКО-ның арнайы сыйлығы.

Фестиваль аясында өтетін бизнес-форум алаңдарында дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, әлемдік киноиндустрияның жетекші өкілдерімен, қазақстандық кинематографистер мен бейінді киноакадемиялар және жоғары оқу орындарының түлектерімен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Өзге елдерден келген киноиндустрияның кәсіпқойлары өз тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның киноиндустрия өкілдерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатады. "ALMATY FILM FESTIVAL" іскерлік алаңы аясында "MADE IN ALMATY" сценарийлер байқауы өтеді. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз ASTANA FILM FUND жобасын іске асыру үшін толық қолдауға ие болады. Бағдарлама жас кинематографистерді қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты- Қазақстанның жас дарындарына мықты серпін беру және оларды әлемдік жетекші продюсерлерге, қорлар мен фестивальдерге ұсыну. Биыл кинофестивальде "ALATAU FILM AWARDS" атты жаңа ұлттық сыйлығы ұсынылады. Сыйлықтың мақсаты -қазақстандық картиналарды танымал ету және еліміздің кинопрокатында фильмдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Кинофестиваль негізгі 3 алаңда өтеді:

• Республика сарайы (кинофестивальдің ашылу және жабылу рәсімдері);
• "Mercure Almaty City Center" қонақ үйі (бизнес-форум);
• "Chaplin Cinemas" кинотеатры (фестивальдің конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларының фильмдерін көрсету үшін).

Іс-шараны "Алматы ТВ", "СТВ", "7 Арна", "Медиа Академия", "Tengri News", "Zakon.kz", "365info", "Forbes Kazakhstan", "Экспресс-К", "Pandaland.kz", "Время", "Tengri FM", "Business FM" насихаттайды. Сондай-ақ, 28 тамызда кинофестиваль аясында БАҚ өкілдеріне арналған (40-қа жуық басылым) баспасөз конференциясы өтеді. Бұдан өзге шетелдік БАҚ: ресейлік Кинорынок; "Ведомости"; "МедиаБизнес"; "РБК"; шетелдік басылымдар "The Hollywood Reporter" және "Cineurope" те бар.

"ALMATY FILM FESTIVAL" 2019-ға шолу:

- Байқаудың негізгі 12 фильмі;
- Конкурстан тыс 50 фильм;
- 5 қазылар алқасы;
- бизнес-форумның 50-ден астам қатысушысы;
- 50-ден астам халықаралық кинофестиваль қонақтары (режиссерлер, продюсерлер, сценаристер);
- 10-нан астам елден келген қонақтар (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Әзірбайжан, Болгария, Бангладеш, Португалия, Сингапур, Палестина, Аргентина және басқа елдер);
- Отандық киноиндустрияның 50-ден астам өкілі;
- Баспасөз қызметінің 100-ден астам өкілі, журналистер, блогерлер;
- Фестивальдің 1500-ден астам аккредиттелген қонағы (Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары);
- Кинофестивальдің 5000-ға жуық қонағы.

Өзгелердің жаңалығы