Алматылық құтқарушылар «Мектепке жол» акциясына қатысты

22 Тамыз 2019, 07:29
1545
Бөлісу:
Алматылық құтқарушылар «Мектепке жол» акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар балаларға құр қол келген жоқ, 47 ұл бала мен 27 қыз бала алдағы оқу жылына жаңа мектеп формасы мен рюкзактармен қамтамасыз етілді.

Алматы қаласының әкімдігі биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясын өткізуде. Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

«Жанұя» мамандандырылған кешені республикадағы ең ірі кешен. Балалар үйінде әртүрлі созылмалы дертке шалдыққан 511 бала оқиды және тұрады, олардың 74-і жетім.

Балалар үйінде жылы ахуал қалыптасқанын және тәрбиешілердің қамқорлығын атап өткен жөн. Педагогтардың күш-жігерінің арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілері республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауында, сондай-ақ Марат Оспанов атындағы «Қоғамдық қордың» балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болған.

 

Өзгелердің жаңалығы