Бас жаңалықтар
Алматылықтардың назарына!
21 Ақпан 2020, 10:46 135

Алматылықтардың назарына!

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 21 ақпан күні Эдельвейс шатқалына шықпай қоя тұруға шақырды.

Қазгидромет РМК филиалының ұсынысы бойынша, қар жамылғысының биіктігінің жоғары және тұрақсыздығына байланысты және Шымбұлақ-Тұйықсу тас жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 21 ақпанда Эдельвейс шатқалында (Медеу бөгетінен жоғары) қар массаларын профилактикалық түсірілім жұмыстары жүргізіледі,-делінген хабарламада.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, Департамент Алматы қаласының тұрғындарынан, қонақтарынан және туристерінен профилактикалық іс-шаралар өткізу орындарында серуендеуге және шыңға өрлеуінен бас  тартуды  сұрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...