Алматылық Dolce-Pharm фармкомпаниясы медициналық мекемелеріне 100 мың маска берді

30 Шілде 2020, 09:41
1283
Бөлісу:
Алматылық Dolce-Pharm фармкомпаниясы медициналық мекемелеріне 100 мың маска берді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімшілігімен қаланың медициналық ұйымдарын жеке қорғаныс құралдарын қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдануда. 

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілері де бұл істен сырт қалмай, коронавирус пандемиясымен күресте өздерінің қолдарынан келген үлестерін қосуда. Бүгінде "Dolce-Pharm" ЖШС отандық фармацевтикалық өндірістік компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 100 мың маска берді, олар шаһардағы 23 медициналық мекеме арасында бөлініп, таратылады.

Бүгінгі таңда біз қалаға 100 мың маска сыйладық. Бұл әкімдікпен шешілген мәселе. 5340 орынға 23 ауруханаға біз 100 мың көмір фильтрлі маска беретін боламыз. Өз кезегінде біз барлық ауруханаларға Әкімдік берген ауруханалар тізімі бойынша барлық ауруханаларға өз есебімізден жеткізетін боламыз, - дейді Dolce компаниясының коммерциялық директоры Баян Демеуова.
WhatsApp Image 2020-07-30 at 09.28.41.jpeg

Қарапайым екі қабатты маскалар тек 2 сағат тағылса, көмір фильтрлі масканы 4-5 сағат бойы, екі есе ұзағырақ тағуға болады екен.
Сонымен бірге, ол болашақта онкологиялық және балалар ауруханасының медициналық қызметкерлерін маскалармен қамтамасыз етуде көмек көрсету жоспарлануда.

Жалпы, "Dolce-Pharm" компаниясы Алматы қаласының әкімдігімен келісіміне сәйкес, мегаполистің 23 дәріханасына маскалар жеткізіледі. Пандемия басталғалы Dolce компаниясы қаланың дәріханаларына күн сайын 2-3 мың маска жеткізіледі. 

WhatsApp Image 2020-07-30 at 09.28.40.jpeg

Dolce және Dolce-Pharm біріккен компаниясы медициналық мақсаттағы бірреттік өнімдерді, кәсіби шығын материалдарын, бірреттік киім және  медициналық жабдықтау (комплекттер, маскалар,бахилалар), сонымен бірге, дәрілік құралдарды шығаратын ірі қазақстандық өндіруші болып табылады. Компанияда өндірісте 200-ден астам адам үш ауысымда қызмет етеді. 

Кәсіпорында тәулігіне 300-360 мың маска өндіріледі.

Өзгелердің жаңалығы