АлматыЭнергоСбыт тұтынушыларды қабылдау уақытын ұзартты

2 Маусым 2020, 15:44
1581
Бөлісу:
АлматыЭнергоСбыт тұтынушыларды қабылдау уақытын ұзартты

Алматы, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Алматы қаласындағы "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС бөлімшелері жаңа жұмыс кестесіне ауысты. 


Енді АЭЖБ мекемесі жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 14:00 аралығында жұмыс істейді.
Біздің бөлімшелер күшейтілген санитарлық-эпидемиялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл үй-жайларды ылғалды тазалаудан және персоналда бетперделер мен қолғаптардың болуын қоспағанда, тұтынушыларды тек бетперделер болған кезде ғана қабылдауды, кіреберістегі тепловизорлармен температуралық бақылауды, қолды антисептикпен өңдеуді, кемінде 1-2 метр қашықтықты сақтауды және залдың толтырылуын бақылауды көздейді, - дейді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС Алматы қалалық жабдықтаушы департаментінің директоры Светлана Биалиева.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС облыстық бөлімшелері барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, тұтынушыларды карантин режимінде қабылдап жатыр. 
Барлық 17 бөлімшенің жұмыс кестесімен және мекенжайларымен esalmaty.kz сайтынан танысуға болады.
Өзгелердің жаңалығы