Бас жаңалықтар
Алматыдан Жиддаға бірінші тікелей әуерейсі орындалды
01 Желтоқсан 2019, 17:33 418

Алматыдан Жиддаға бірінші тікелей әуерейсі орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдан Сауд Арабиясының қалалары - Жидда мен Мединаға аптасына екі мәрте ұшуды жоспарланып отыр. 

2019 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) бас консулдығының дипломаттары Король Әбдел Азиз атындағы Жидда қаласының халықаралық әуежайында бортында 112 жолаушысы бар отандық SCAT әуекомпаниясының "Алматы-Жидда" бағыты бойынша орындаған бірінші рейсін күтіп алды, - делінген хабарламада.

SCAT басшылығының ақпаратына сәйкес, аталған әуекомпания Алматыдан Сауд Арабиясының қалалары - Жидда мен Мединаға аптасына екі мәрте, сәйкесінше, әр сенбі және сәрсенбі күндері тұрақты түрде тікелей ұшуларды жоспарлап отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...