Алматыдан қашпақ болған тонаушылар тобы ұсталды
VIDEO
11 Қаңтар, 14:04 380

Алматыдан қашпақ болған тонаушылар тобы ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.

 

Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылған.
 

Ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады. Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді,-делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272 бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және ҚР ҚК-нің 188 бабы – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс сотқа жіберілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...