Алматыдан Оралға ұшып келген ұшақ қона алмады

19 Желтоқсан 2020, 06:19
1761
Бөлісу:
Алматыдан Оралға ұшып келген ұшақ қона алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні сағат 10:50-де Алматыдан Оралға ұшып шыққан ұшақ қалың тұман салдарынан белгіленген уақытта әуежайға қона алмады. Ұшақ Оралдан Атырауға жөнелтілді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің мәлімдеуінше, көру мүмкіндігі 200 метрді ғана құраған. Қала тұрғындарына қалың тұман түсуі мүмкін деген хабарлама бір аптадан бері күн сайын жіберіліп жатыр.   

Түскі уақытта ұшақ әуежайға қона алмағандықтан, Атырауға жөнелтілді. Содан соң шамамен кешкі сағат 18.00-де ұшақ Оралға қайта ұшып келді. Әуежай жұмысы қазіргі уақытта қалпына келтірілді, әуе кемелерін қабылдап жатыр, қиындықтар тек ауа райы қолайсыздығына байланысты болды. Бүгін де қалың тұман болып тұр», - деді Хайретдин Расқалиев.
Айта кетерлігі, порталдың Instagram-парақшасындағы жазбасында қалдырылған пікірлер арасында жолаушылар аталмыш ұшақтың Air Astana әуе компаниясына тиесілі екенін айтуда.


Өзгелердің жаңалығы