Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайды

13 Маусым 2021, 02:40
1364
Бөлісу:
Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жазғы кезеңде сұраныс артуына байланысты «Алматы-2 – Достық» қосымша пойызы іске қосылатынын хабарлады.

Ол аптасына 2 рет жүреді:

Алматы-2 станциясынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

Достық станциясынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;

Алматы-2 станциясына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан ресми сайт немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеуді сұрады. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануға болады.

Өзгелердің жаңалығы