Алматыдан 396 шақырым жерде жер сілкінді

17 Қараша 2021, 22:10
806
Бөлісу:
Алматыдан 396 шақырым жерде жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні Алматы уақытымен 17 сағат 17 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 396 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9; магнитудасы – 5,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы