Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет – Саиров

22 Қыркүйек 2021, 09:20
3533
Бөлісу:
Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет – Саиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл бүгінгі үлкен проблема, деп жазды  деп жазды  Мәжіліс депутаты, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет. Сыртқы жағдай өте күрделі. Ауғанстан факторы біздің елге әрқашан әсер ететін болады. Сондықтан, ішіміздегі проблемаларды оң шешудің амалын ойластыру маңызды. Елімізде заңдылық болуы керек. «Заң қатал, бірақ ол заң» принципі универсалды бап. Дегенмен, заңның өзі әділеттілік принципіне негізделуі тиіс, - деді ол.

Саиров сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс екенін айтты.

Әділдік, гуманизм арқылы ғана заңның толық орындалуын қамтамасыз етуге болады. Бірақ, рецидивист, сепаратист, зорлық- зомбылыққа жақын, адамның ала жібін аттайтын азаматтарға заң өте қатал болуы абзал. Қарапайым, заңды орындайтын, еңбекқор адамның мүддесін қорғайтын заңдар керек. Сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл бүгінгі үлкен проблема. Заң қатал, бірақ таза, кіршіксіз, адал адамдар жағында болуы қажет, - деді Саиров.

Өзгелердің жаңалығы