Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде судья қайтыс болды

11 Қаңтар 2022, 10:45
872
Бөлісу:
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде судья қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ауданаралық соттың судьясы Мұрат Абраев қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мұрат Абраев қаза тапты, - делінген хабарламада.

Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісі Абраевтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Айта кетейік, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер 2022 жылдың басында басталды. 11 қаңтардағы мәлімет бойынша елде 9900 адам ұсталған.

Өзгелердің жаңалығы