Алматыдағы сайлау учаскесінен 5 адам ауруханаға жеткілген

11 Қаңтар 2021, 10:28
1359
Бөлісу:
Алматыдағы сайлау учаскесінен 5 адам ауруханаға жеткілген

Алматы, BAQ.KZ. Осы жылдың 10 қаңтарындағы сайлау күні Алматы қаласының сайлау учаскелерінде 8 Жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етті. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, 507 ашық учаскеге 2 535 медицина қызметкері тартылған.

Кезекшілік кезінде сағат 07:00-ден 20: 00-ге дейін сайлау учаскелерінен түрлі медициналық көрсеткіштер бойынша медицина қызметкерлеріне 13 адам жүгінді. Атап айтқанда, қан қысымына, жүрек ырғағының бұзылуына, ЖРВИ белгілеріне және басқа да аурулар туралы шағымдар болды. Медицина қызметкерлеріне жүгінгендердің жартысынан көбі сол жерде медициналық көмек алып, ауруханаға жатқызудан бас тартты, - делінген хабарламада. 

Медициналық сипаттағы көрсеткіштер бойынша жедел медициналық жәрдем қызметімен ауруханаға: ЖМКА  – 1 адам, АККА – 1 адам, ОҚКА-2 адам, Алматы қ. БЖМКО-1 адам жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы