Бас жаңалықтар
Алматыдағы Рысқұлов даңғылы жабылады
14 Маусым 2021, 17:29 477

Алматыдағы Рысқұлов даңғылы жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағыттағы қозғалыс ішінара жабылады.

Қалалық Мобильділік басқармасы хабарлағандай, Рысқұлов даңғылы бойындағы (Жангелдин көшесінен Айша-Бибі көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағы) жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыруға байланысты осы жылдың 14 маусымында кешкі сағат 20.00-ден 15 маусымдағы таңғы сағат 6.00-ге дейін қозғалыс бөлігі ішінара жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлаулары тиіс. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Фото: дереккөз
Загрузка...