Алматыдағы Рысқұлов даңғылы уақытша жабылады

25 Қыркүйек 2021, 16:11
5589
Бөлісу:
Алматыдағы Рысқұлов даңғылы уақытша жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жолайрығының құрылысына байланысты қаладағы ең ірі даңғылдың бірі жабылатын болды. Бұл туралы қалалық Мобилділік басқармасы хабарлады.

«Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Рысқұлов даңғылының көлік қозғалысының сұлбасына келесі өзгерістер енгізіледі:

1. 2021 жылғы 26 қыркүйектен бастап және 4 қазанға дейін сағат 23.00-ден сағат 05.00-ге дейін Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта көлік қозғалысы тоқтатылады.

2. Рысқұлов даңғылы бойынша батыс және шығыс бағыттарда көлік қозғалысы Рысқұлов даңғылының оңтүстігіндегі көлік жүретін бөлігі арқылы жүзеге асырылады.

3. Іргелес көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы