Алматыдағы өрт: Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ

26 Мамыр 2020, 10:09
1550
Бөлісу:
Алматыдағы өрт: Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жиһаз цехы мен автокөлік өртке оранды

26 мамырда 05 сағат 12 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментінің пультіне Әуезов ауданы Мұстай Кәрім көшесі 1Б/3 мекенжайының түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минутта келді, жиһаз шеберханасының аумағында жиналып тұрған кесілген ағаштар мен "Foton Aumark" маркалы автокөлік ашық отпен жанып жатты, - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің жеке тұрғын үй секторына оңтүстік жағынан таралу қаупі болған. Сондықтан өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам жоғары деңгейде жіберілген. 

Өзара әрекет ету қызметтерімен бірлесіп  шұғыл түрде жедел штаб құрылды, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағынан екі жауынгерлік учаске орналастырылды. ҚР ІІМ ТЖК авиациясы оқиға орнына келуге дайын болды.  Жедел қабылданған шаралардың арқасында жалпы алаңы 970 шаршы метрді құраған өрт 6 сағат 00 минутта жойылды. Тұрғын үйлерге және сантехникалық жабдықтар сататын жақын орналасқан үй-жайларға өрттің таралу қаупі жойылды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 19 бірлік техника, жеке құрам мен өзара әрекет ету қызметтерінен 65 адам жұмылдырылған. Әуезов ауданының Полиция басқармасымен қоршау жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы