Алматыдағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

12 Қазан 2021, 20:11
10791
Бөлісу:
Алматыдағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 23 қазанда Алматы қалалық онкологиялық орталығында сүт безінің қатерлі ісігін алдын ала анықтау және оның алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді.

Қабылдау уақыты Папанин көшесі, 220, Литер А мекенжайында жетекші маммолог-онколог мамандардың қатысуымен сағ 09.00-13.00 аралығында жүргізіледі.

Бүгінгі күні сүт безінің қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулар арасында көп кездеседі. Статистика бойынша сүт безінің қатерлі ісігінен Алматы қаласы бірінші орында тұр, ал өлімге әкелу салдары бойынша екінші орында.

Алматы қаласында 9 айдың ішінде 514 әйелде сүт безінің ісігі анықталған. Сол себепті, сүт безінің қатерлі ісігін уақытында анықтау үшін мамандар тағы да маммография скринингінен өту туралы кеңес береді. Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша ерте уақытта «скринингтен» өту мүмкіншілігі екі жылда бір рет 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге қарастырылған, - делінген ақпаратта.

Дәрігерлердің айтуынша, алдын ала диагностикаланған ісікті толығымен емдеуге болады. Ал, аурудың белгісі анықталған кеш сатыдағы аурудың таралуы да мүмкін және де оны емдеу қиынға түспек.

Өзгелердің жаңалығы