Алматыдағы MART сауда орталығынан барлық адам шұғыл эвакуацияланды

23 Сәуір 2021, 10:57
1386
Бөлісу:
Алматыдағы MART сауда орталығынан  барлық адам шұғыл эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда MART сауда орталығында жарылғыш зат туралы хабарламаға байланысты келушілер эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағат 9:15-те MART СОО-да жарылғыш құрылғы орналастырылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Сағат 9:17-де MART әкімшілігі эвакуациялау жұмыстарына кірісті.

Сағат 9:35-те эвакуациялау жұмыстары аяқталды. Екі ғимараттан 200-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Шұғыл қызметтер тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

 Қазір сауда орталығы жабылды.




Өзгелердің жаңалығы