Алматыдағы инфляция 3,4% құрады

14 Маусым 2021, 16:00
1593
Бөлісу:
Алматыдағы инфляция 3,4% құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров «Алматы қаласының 2021 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылы Алматы жалпы өңірлік өнімнің бестен бір бөлігін құрады және ел экономикасына қосқан үлесі бойынша жетекші орынға ие. Осы жылдың бес айында экономиканың барлық базалық саласында тұрақты оң өсім қарқыны байқалған. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, байланыс қызметтері және сауда саласы. Шектеу шараларының қысымымен көлік және логистика саласында төмен көрсеткіштер сақталған. Алайда төмен көрсеткіштерге қарамастан, дағдарыс кезеңімен салыстырғанда өсу байқалады.

Қаладағы инфляция 3,4% құрады, бұл республикалық деңгейден төмен. Оған 19 әлеуметтік маңызы бар тауар түрін тұрақтандыруға бөлінген 10 млрд теңге әсер етті, оның қазір 7,9 млрд теңгесі игерілген. Қаланың одан әрі тұрақты дамуы үшін қазір алдымыздағы басты міндет инвестиция тарту мен бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру. Инвестицияның келуі экономиканың тұрақты дамуын көрсетеді, - деді Өсеров.

Әкімнің орынбасары Алматы инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында алдыңғы орында екенін және жыл сайын инвестиция тарту өсіп келе жатқанын айтты.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 355,4 млрд теңге. Оның ішінде жеке кәсіпкерлердің қаржысы 241,8 млрд теңге, қарызға алынғаны 64,4 млрд, мемлекеттік бюджеттен 49,2 млрд теңге бөлінген. Инвестицияның өсім қарқыны +32,7%. Жылжымайтын мүлікке 173,1 млрд теңге инвестиция тартылса, көлік және қойма қызметіне 41,8 млрд теңге тартылған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы