Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

14 Ақпан 2021, 10:28
935
Бөлісу:
Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығындағы жиһаздар қоймасы өртенді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.

ТЖД мәліметінше, 2021 жылғы 14 ақпанда сағат  8:56 кезінде сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабарланған.

Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары «Домиллион» сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында жану туралы туралы хабарламаға жоғары шақыру дәрежесімен шықты.  Сағат 9:03-те келген сәтте ғимараттың ішіндегі қоймалар түтінге толы болған. Қоймадағы жиһазға арналған жинақтауыштар жанған, - делінген хабараламада. 

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 9:46 -да сөндірілген.  50 шаршыметрді шарпыған өртті сөндіру және түтінді жоюдың автоматты жүйесі дер кезінде іске қосылып, жалынның таралуына жол берілмеген.

Өртті сөндіруге 24 бірлік техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы