Алматыдағы бүлік кезінде 1200-ден астам адам ауруханаға жүгінген

11 Қаңтар 2022, 10:49
1116
Бөлісу:
Алматыдағы бүлік кезінде 1200-ден астам адам ауруханаға жүгінген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қала әкімінің қатысуымен өткен жиында айтты.

Оның айтуынша, бүлік басталған 4 қаңтардан қазіргі сәтке дейін қаладағы медициналық ұйымдарға зардап шеккен 1205 науқас жүгінген. Оның 564-і ауруханаға жатқызылған, кейін жағдайы жақсы 329-ы ауруханадан шығарылған.

Қазір 176 нақуас ауруханада ем алып жатыр. Реанимация бөлімшесінде 18 науқас жатыр, олардың ішінде содырлар да бар, – деді ол.

Сонымен қатар ол жаппай тәртіпсіздік кезінде медицина қызметкерлері бүлікшілердің қарсылығына тап болғанына қарамастан өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарғанын жеткізді.

Бүлік болған кезде 220-дан астам зардап шеккен науқасқа ота жасалды. Дәрігерлер шұғыл қызмет етпегенде құрбандар саны қазіргіден де көп болар еді, – деді Табынбаев.

Өзгелердің жаңалығы