Алматыдағы атыс. Оқ атқан ер адам терезеден секіріп кетті

24 Сәуір 2021, 21:47
1770
Бөлісу:
Алматыдағы атыс. Оқ атқан ер адам терезеден секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдымен, қоршалған үй жақта сынған шыны даусы естілді. Сол кезде терезеден ер адам көрініп, секіріп кетті. Бұған дейін ер адамның көршісі ол 17-қабатта тұратынын айтқан болатын. 

Оқиға болған жерге дәрігерлер жіберілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда белгісіз ер адам Бұқар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кеткен еді.  Сондай-ақ интернетте Алматыда күзетшіні қарулы адам жарақаттаған сәттегі видеосы пайда болды.  Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы