Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін ұшырды

4 Шілде 2020, 19:02
1838
Бөлісу:
Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін ұшырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты лейтенант алғашқы офицерлік шенін ұсына отырып, 14-түлектерін ұшырды.

Биыл 8 мамандық бойынша 141 курсант әскери оқу орнын тәмамдап, олардың 9-ы үздік дипломмен марапатталды.

Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, "Қазақстан әскерінің офицері" деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін, - деді әскери институт бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жас лейтенантар оқу барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ата-аналарының үміттерін ақтауға тырысып баққандарын жеткізді.

1.jpeg

Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелді. Халқымыз бен Президентіміз – Жоғарғы Бас қолбасшының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз, - деді оқу үздігі Ерназар Темірғалиев.

Әскери оқу орнында тек қазақстандықтар ғана емес, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де білім алуда. Бүгінгі күнге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, тағы 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалық мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын жалғыз әскери оқу орны. 

Өзгелердің жаңалығы