Алматыда жыл соңына дейін 208 көше жарықтандырылады

10 Қазан 2019, 12:09
1808
Бөлісу:
Алматыда жыл соңына дейін 208 көше жарықтандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында көше жарықтандыру желілері құрылысының барысы қаралды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"Бірнеше ай бұрын әкімнің тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Бүгінде бұрын жарық жүйесі болмаған 208 көшеге жарық орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Шамамен төрт мыңға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады", - делінген жаряланған ақпаратта.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес сынған және зақымдалған жарық нүктелерін анықтау үшін күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жиналыста қала әкімі атап өткендей, сапа мен қызмет көрсету үнемі бақылауда болмақ.

Келесі жылдың соңына дейін қаланың жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы